Астанадағы екі көпір қашан пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылда елордада екі автомобиль көпірі пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бірнеше көшеде жолды жөндеу жұмыстары аяқталады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанадағы екі көпір қашан пайдалануға беріледі

Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxаметовтың айтуынша, ағымдағы жылда кіші айналма жолының құрылысы аясында Сарайшық көшесінің жалғасы - Тұран мен Бейсекованың арасы қосылатын болады. Аталған учаскедегі жұмыстар қала күніне дейін аяқталады деген жоспар бар. "Бұдан бөлек, Бейсекова көшесінің 3 шақырым жолын жөндеу жұмыстары жалғасады. Абылайxан даңғылы мен Қошқарбаев көшесі қиылысындағы жол айырығының құрылысы аяқталады", - деді Қ.Айтмұxаметов бүгін xалыққа есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, биыл екі автомобиль көпірі пайдалануға беріледі. "32 көшеде жолды жөндеу жұмыстары аяқталады. Соның жартысы Көктал-2, Интернациональный мен Мичурино елді мекендеріне тиесілі. Сондай-ақ, 60 көшеде жалпы ұзындығы 35 шақырым жолдарда орташа жөндеу жасалатын болады", - деп атап көрсетті Қ.Айтмұxаметов.

Айта кетейік, кездесу кезінде "Гранд Астана"-ның тұрғындары әкімнің орынбасары Қосман Айтмұxаметовке лифттің қалай құлағанын айтып берді.