Астанадағы екі лицейдің басшысы жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы екі лицейдің басшысы мемлекеттік сатып алулар барысында жемқорлық әрекеттерге жол бергені үшін істі болды. Бұл туралы қалалық прокуратурадан хабарлады.

Астанадағы екі лицейдің басшысы жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды

Астанадағы «Алматы» ауданының прокуратурасы №1-ші және №5-ші кәсіби лицейлерде заңнама талаптарының көптеген бұзушылықтарын анықтады. Қадағалау органынан мәлім еткендей, анықталған бұзушылықтардың дені мемлекеттік сатып алуларды баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен өткізу кезінде орын алып, олардың жемқорлық сипаттары болған.

Мысалға, 2010 жылғы 18 мамырда аталмыш тәсілмен №1-ші лицейде жалпы сомасы 1 200 000 теңгеге жетім балалар үшін киім-кешектерді сатып алуға мемлекеттік сатып алулар өткізілді. Оған 13 әлеуетті жеткізуші қатысты. Онымен бірге, ең төменгі бағаны ұсынып отырған екі жеткізуші («Олдин-плюс» ЖШС ұсынып отырған бағасы 595 920 теңге, «Дарин» ЖШС - 840 000 теңге), яғни іс-жүзіндегі жеңімпаздар, келісім-шартқа отырудан бас тартқан. Бірақ лицейдің басшылығы оларды мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушылары ретінде тізімге енгізбеген. Солай, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңы 31-бабының талабын бұзды.

«№1-ші лицейдің директоры Заңның 31-бабы, 12-бөлігінің талаптарын бұза отырып, әлеуетті жеткізушілер тізіміне енбеген «Таңгүл» ЖШС-мен 1 176 000 теңге сомасына келісімге отырған. Осылайша, директор мемлекетке 276 000 теңге көлемінде залал келтірді», - деп атап өтті елордалық прокуратурада.

Аудан прокурорлары, «Сыбайлас жемқорлық туралы» ҚР Заңыңа сәйкес №1-ші лицей директоры Н.Әбілдинның бұл іс-әрекетін жемқорлыққа жағдай туғызады деп тапты.

Осыған ұқсас бұзушылықтар №5-ші лицейді тексеру барысында да анықталды.

Прокуратурадан мәлім еткендей, тексерістер нәтижесі бойынша, «Алматы» ауданы прокуратурасының ұсынымы негізінде және Астана қаласының Білім басқармасы бастығының бұйрығы бойынша білім беру мекемелерінің басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.