Астанадағы этно-мәдени бірлестіктер қарттарды Конституция күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы шеңберінде «Үлкенге - құрмет, Ата заңдағы міндет» атты қайырымдылық акциясы өтті.
None
None

Акция мақсаты - қарияларды Қазақстан Республикасының Ата Заң күнімен құттықтау.

Акция ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен Астана қаласының өзбек, ұйғыр, ноғай этномәдени орталықтары мен дала өлкесінің казактар одағы болып табылады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасын қолға алды. Бұл жоба жыл сайын Қазақстанның әр қаласына көшіп отырады. Игі бастама Қазақстанда тұрып жатқан халықты одан әрі біріктіре түсуде, көптеген адамдар Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды азаматтық институт барын біліп жатыр. Шара бүкіл Қазақстан бойынша өтуде. Бүгін қарттар үйінде концерт өткізіледі, өзбек, ұйғыр, ноғай, казак этно-мәдени ұйымдардың өкілдерінен кішігірім сыйлақтар таратылады», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова.

Соңғы жаңалықтар