Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде «Салауатты өмір салтын қолдаймыз! Жаман әдетке жоқ дейміз!» атты факультетаралық акция өтеді

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Алдағы дүйсенбіде, ақпанның 22-сі күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Салауатты өмір салтын қолдаймыз! Жаман әдетке жоқ дейміз!» атты факультетаралық акцияның ашылуы болады,

Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде «Салауатты өмір салтын қолдаймыз! Жаман әдетке жоқ дейміз!» атты факультетаралық акция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акцияның салтанатты ашылуынан кейін қосарлап жүзуден Қазақстанның құрама командасы өнер көрсетеді деп күтілуде. Жалпы акция аясында бірнеше іс-шара өткізу жоспарланған. Мәселен, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың құқықтық тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел, «Спортта біздің күшіміз!» спорттық іс-шара, «Жағымсыз әдеттері жоқ әлем» фотокөрмесі, «Тәні саудың - жаны сау» атты көңілділер мен тапқырлар сайысы, «Өмірің - алтын қазынаң!» поэзия кеші, «ЕҰУ - салауатты өмір салты аумағы» акциясы сондай-ақ, Қаззақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Мұз дәуірі» атты спорттық-шоу ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Салауатты өмір салтын қолдаймыз! Жаман әдетке жоқ дейміз!» акциясы Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында көрсетілген «Салауатты өмір салтын қалыптастыру және азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау» міндеті аясында өткелі отыр.