Астанадағы ежелгі пирамидалар көрмесінде 35-тен астам тарихи жәдігер қойылады

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылы қараша айында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін көрмеде Мысыр пирамидаларында табылған 35-тен астам тарихи жәдігердің көшірмесі қойылады. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген «Құланшы» қазіргі өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы ежелгі пирамидалар көрмесінде 35-тен астам тарихи жәдігер қойылады

Оның сөзіне қарағанда, ежелгі пирамидалардың қазынасына арналған көрмеге Рамзес II және Тутанхамон сияқты ежелгі Мысыр елінің тарихи тұлғаларының мүсіндері, сфинкстер және маскалардың көшірмелері шығарылады. «Көрмеге қойылатын барлық тарихи жәдігерлердің көлемі түнұсқаларымен бірдей болмақ », - дейді Л.Махат.