Астанадағы гастролдік сапар Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектаклімен аяқталады

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат. Бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының гастролдік сапары Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектаклімен аяқталады. Оған ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысады деп күтілуде.

Астанадағы гастролдік сапар Ш.Айтматовтың «Теңіз  жағалай  жүгірген  тарғыл төбет» спектаклімен аяқталады

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Астана қаласында К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында гастрольдік күндерін бастаған еді.

5 күн бойы алматылық артистер көрермендер назарына 6 сахналық қойылымын ұсынды. Олардың бесеуі-ересектерге арналған

Басталуы: 19.00