Астанадағы хакерлер жарысында қазақ тілді үш жобаға қосымша сыйақы беріледі

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада басталған «Astana Hackathon» атты IT-жобалардың жарысы аясында қазақ тілді үш жобаға қосымша сыйақының берілетіні туралы жарияланды.
None
None
Сыйақының құрылтайшысы - «C.A.P.» талдау және болжау орталығы» қоғамдық қоры. Оның жалпы көлемі 300 мың теңгені құрап отыр. Ақшалай сыйлық «IT-бастамаларды қолдаймыз» бастамасы аясында мемлекеттік тілді дамытуды көздейтін үш жоба үшін берілмек. Негізгі мақсат - ақпараттық технологиялар саласында қазақ тілді жастардың белсенділігін арттыру. Осыған орай, www.startupkoldau.kz веб-порталы да ашылған болатын. Онда жас кәсіпкерлер өз идеясын жинақтап, жарыққа шығару бойынша тиісті кеңестер ала алады. Сондай-ақ аталған порталдан хостинг алуға мүмкіндік бар.
Соңғы жаңалықтар