Астанадағы ХҚКО-да Үлескерлерді қолдау орталығы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында үй құрылысына қатысты мәселеге тап болған үлескерлер үшін «Үлескерлерді қолдау орталығы» ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

null
Астана қаласының прокуроры Болат Дембаев орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, бүгін ресми түрде жаңа орталық жұмысын бастайтынын мәлім етті.
null 

«Үлескерлердің мәселесі - қоғамдағы ең өзекті түйткілдердің бірі. Әр түрлі ведомстводағы әріптестермен ақылдаса келе ақпараттық әрі кеңес беру бағытындағы орталықты ашу туралы шешімге келдік. Біздің мақсат - үлескерлерге көмек көрсету. Құрылысы 90 процент аяқталған үйлер бар, 2-3 жыл үйлерінде тұрып жатқанымен баспана құжатынсыз жүргендер де баршылық. Құжатсыз баланы мектепке немесе балабақшаға апару қаншалықты қиын екенін ойлай беріңіз. Олар жөнді медициналық көмек те ала алмайды. Осы себепті, жаңа орталық арқылы әр жағдай бойынша шаралар қолданбақпыз», - дейді Болат Дембаев.
null null 

Қала прокурорының айтуынша, Астанада жауапсыз құрылыс жүргізушердің салдарынан 14 мыңға жуық адам зардап шеккен. Шаһарда қазіргі уақытта 52 проблемалық нысан бар. Жыл басынан бері Болат Дембаев осындай жағдайға тап болған 400-ге жуық үлескермен жеке кездесу өткізгендігін айта келе жаңа орталықтың жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстырды.
null null 

Мәселесі  шешілмеген үлескерлерге жаңа орталықта ішкі істер департаментінің, прокуратураның, мемлекеттік кірістер департаментінің, жер қатынастары басқармасының, сәулет және құрылыс басқармасының, әділет департаментінің өкілдері мен медиаторлар қызмет көрсетеді. Орталық аптасына үш күн:  дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 09:00-12:00 аралығында жұмыс атқаратын болады. Ыңғайлы болу үшін Reception бөлігі мәселесі бар үлескерлерді бірден орталыққа жолдайды. Қажеттілік туындаған жағдайда жұмыс уақытын ұзартылмақ. Сондай-ақ,  сұраныс артқан жағдайда қаланың өзге де ХҚКО-ларында осындай орталықты ашу көзделіп отыр.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошин жаңа орталық арқылы Астанада үлескерлерге қатысты түйткілдер азаятынына сенім білдірді.
null 

Соңғы жаңалықтар