Астанадағы Ильинка елді-мекеніндегі жеке тұрғын үйлерді сату бойынша аукцион өтеді

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі маусым айының 12-22 аралығында кезінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша Ильинка елді мекенінде салынған жеке тұрғын үйлерді сату бойынша аукцион өтеді,

Астанадағы Ильинка елді-мекеніндегі жеке тұрғын үйлерді сату бойынша аукцион өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Голландық тәсілмен өтетін сатылымға алғашқы күні гаражы, үй төңірегінде жер телімі бар заманауи үлгіде салынған 20 жеке тұрғын үй түседі. Олардың бастапқы бағасы 114 миллион 501 мың 910 теңге мен 165 миллион 544 мың 980 теңге аралығында. Аукционға қатысуға өтінімдер сатылымның басталуына 1 сағат қалғанға дейін қабылданады. Қатысу үшін кепілді жарна 132 мың теңгені құрайды. Бір кепілдік жарна бір нысанды сатып алуға құқық береді.«Астана қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өткізгелі отырған аукцион маусымның 12-22 күндері сағат 11.00-де Бейбітшілік көшесі, 11 үйде өтеді. Анықтама телефондары ? 55 68 00, 55 68 01.