Астанадағы инвестициялық форум аясында 1 млрд доллардың 25 құжатына қол қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада өтіп жатқан екі күндік инвестициялық форму аясында 1 млрд доллардың 25 құжатына қол қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында айтты.

Астанадағы инвестициялық форум аясында 1 млрд доллардың 25 құжатына қол қойылады
«Бүгін Сыртқы істер министрлігі жыл сайынғы инвесторлар форумын ұйымдастырып жатыр. Мақсаты – бір жыл бойында байланыс орнатқан жаңа компанияларды Қазақстанға шақырып, жақынырыақ танысу. Кейбір компаниялар пандемияға байланысты кейінгіекіжылда Қазақстанға келе алмаған. Соларды қосқанда300-ге жуық компания келіп отыр. Олар әр түрлі салалардан. Биылғы форум тақырыбы – ауыл шаруашылығы мен логистика болып отыр. Себебі қазіргі Украинда болған жағдайға, пандемияға, біздің өзіміздің Қаңтар оқиғаларына байланысты көп дүние өзгеріп жатыр. Еуразия құрлығында лингвистикалық климаттың ахуалы да, логистикалық қатынастар да өзгеріске түсуде. Сол себепті жаңа әріптестерге Қазақстандағы жағдайды көрсетіп жатырмыз», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол инвесторлар ертең өңірлерге шығатынын атап өтті.

«Бүгін олардың бәрі Астанада болса, ертең облыстарға кетеді. Облыс әкімдерінің орынабасарлары осында жүр. Солар өздеріне келген инвесторларды алып кетеді. Осы форум аясында 25 құжатқа қол қойылады. Олардың сомасы шамамен 1 млрд долларға жақындайды. Олар: медицина саласы, Құрық портын кеңейту жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы литий кен орнын игеру жобасы және ауыл шаруашылығындағы көптеген жобалар», - деді Алмас Айдаров.