Астанадағы ірі екі спорт кешені «Astana» ӘКК-ге беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс Арена» мұз айдыны мен «Қазақстан» спорт сарайы жалғыз акционері Астана қаласы әкімдігі болып табылатын «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ-на беріледі, деп хабарлайды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпаратық-құқықтық жүйесінің «Әділет» ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы ірі екі спорт кешені «Astana» ӘКК-ге беріледі

ҚР Үкіметі қаулысына сәйкес, Астана қаласында туризмді дамыту жөнінде 2020 жылға дейінгі жол картасы бекітіліп жатыр.

Аталған құжатта 2017 жылдың желтоқсан айына дейін «Барыс Арена» мұз айдыны мен «Қазақстан» спорт сарайын «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ-на тапсыру жоспарланған. Осы мақсатта келісімге қол қойылмақ.

Сонымен бірге, 2018 жылдың қаңтар айына дейін Астана қаласындағы спорт және мәдениет нысандары өзін-өзі ақтауы үшін бәріне ортақ басқарушы компания құрып, қаладағы денсаулық сақтау және білім саласына тиесілі нысандардың жұмысын күшейту үшін ұсыныс дайындау көзделген. Келесі жылдың желтоқсан айына дейін Астанадағы спорт және мәдениет нысандарын тиімді түрде пайдалану үшін шетелдік компаниялар мен білікті халықаралық персоналдарды тарту жоспарланып отыр.