Астанадағы Қаллеки театрында «Қыздар-ай» атты заманауи комедияның премьерасы өтеді

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры желтоқсанның 12-13 күндері, сағат 18.30-да  Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтер шығармашылығындағы  «Беу, қыздар-ай» атты туындының, заманауи үлгіде «Қыздар-ай» деп өзгертілген комедиясының премьерасын өткізеді.
None
None

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталмыш комедия «Қаллеки» театрында 2002 жылы режиссер, Халық қаһарманы  Әзірбайжан Мәмбетовтің сахналауымен алғаш рет қойылған еді, араға он жыл салып, жастар арасындағы махаббат, ауыл мен қаладағы өмір көріністерін суреттейтін шығарма сахнаға қайта оралды.

Жалынды жастық. Айдай сұлу Айсұлудың ажарына ынтық жігіттер аруды іздеп ауылға келеді. Арманында тек Айсұлуды аңсаған «серілер» қайнаған еңбекке қалай араласып кеткендерін білмей де қалады. Көп ұзамай әрқайсысы арманындағы арудың жүрегіне жол табады. Бірақ ол арулар мүлде бұлар іздеген Айсұлу емес. Сонда қалай? Жауабын білгіңіз келсе, спектакльді  тамашалаңыз. Шым-шытырық қызықты оқиғаларға толы қойылым әсерлі әндерге ұласып, махаббат хикаясынан сыр шертеді.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар