Астанадағы кардиологиялық орталықта әлемнің 13 елінен пациенттер емделді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық кардиологиялық орталық ашылғаннан бері әлемнің 13 елінен пациенттер емделді.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен кездесу барысында ҚР Ұлттық кардиология орталығы Басқарма төрағасы Юрий Пя мәлім етті.

«Қазіргі таңда Қазақстанда медициналық туризмді дамытуды енгізу жолға қойылып келеді десе де болады. Мәселен, біздің орталық ашылғаннан бері онда әлемнің 13 елінен 166 шетелдік пациент емделді. Қазір Астанадағы орталықта кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің әлемде қолжетімді барлық спектрлары көрсетіледі», - деді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, 2011-2014 жылдар аралығында Қазақстанда кардиохирургиялық операциялар саны үш есеге артқан. Ал қазіргі таңда жүрекке ашық ота жасауға сұраныстың өтелу деңгейінің көрсеткіші 73,6 пайызды құрайды

«Орталықта жүрек трансплантациясы мен жасанды жүрек имплантациясын енгізу сәтті жүргізілуде. Бұл Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия өңірінде алғаш рет жүзеге асқан операция десе де болады. Осының арқасында Қазақстан ашық жүрекке бірегей жоғары технологиялы операциялар жасайтын әлемнің 22 елінің қатарына енді. Бұл халықаралық кардиохирургия қауымдастығы тарапынан да мойындалып отыр», - деді Юрий Пя.

Соңғы жаңалықтар