Астанадағы Қарттар үйінде «Анаң - сенің жұмағың» атты қайырымдылық шарасы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әзірет Сұлтан» мешіті 5 наурыз күні Астана қаласындағы Қарттар үйінде «Анаң сенің-жұмағың» атты қайырымдылық шарасын өткізеді.

Астанадағы Қарттар үйінде «Анаң - сенің жұмағың» атты қайырымдылық шарасы өтеді

Бұл шара аясында Қарттар үйіндегі 310 жанға арнайы сыйлықтар үлестірілетін болады. Сондай-ақ, қамкөңіл қарттарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы концерттік бағдарлама өткізіледі.

Оған елімізге белгілі Қарақат пен Қыдырәлі, Ибрагим Ескендір, Досымжан Таңатаров, Ерлан Көкеев сынды әншілер қатысатын болады. Сондай-ақ, «Тағылым тамшылары» балалар театры сахналық қойылымдар көрсетеді.