17:14, 05 Қараша 2013 | GMT +5
Астанадағы Қаржы академиясында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған семинар-тренинг өтті
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жігер» қоғамдық бірлестігі «Қаржы академиясы» АҚ-ның студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған семинар-тренинг өткізді. Бұл туралы қоғамдық бірлестіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау аясында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жастар арасындағы діни өзекті мәселелер бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» атты әлеуметтік жоба жұмысы жүргізілуде. «Іс-шараның басты мақсаты - елордамыз Астана қаласындағы жастар арасында қоғамдық татулық пен адамгершілік қағидаттарын насихаттау, олардың діни саясаттағы сауатын ашу арқылы діндер арасындағы ерекшеліктерді танып білуге және басқаның діни наным-сенімі мен көзқарастарын, адамдардың тарихи, рухани құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу», - дейді ұйымдастырушылар. Шараға мемлекеттік мекеме өкілдері, студенттер, дінтанушы-сарапшылар, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.