Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінде «Сергектік және денсаулық» атты дәстүрлі спартакиада өтіп жатыр

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Сергектік және денсаулық» атты дәстүрлі спартакиада өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Университеттің Спорт клубының төрағасы Дәулет Хамзиннің атап көрсеткеніндей, қызметкерлерді салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатындағы спартакиадалар университет қабырғасында 1975 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Оқу орнында 600 профессорлық-оқытушылық құрам, барлығы 1300-ден астам қызметкер бар.Сайыстар өткен аптада волейболдан әйелдер құрама командалары арасында басталды. Үстіміздегі апта шағын футболға арналса, алда жарыс шахматтан, үстел теннисінен ұйымдастырылады. Спартакиада ақпанның 7-8 күндері қалалық саябақтың шаңғы роллерлік трассасында өтетін шаңғы спорты жарысымен қорытындыланбақ. Спорт клубы төрағасының айтуынша, өткен жылғы сайыста университеттің аға-буын қызметкерлері жоғары белсенділік танытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастарға үлгі болды. Өз жас ерекшеліктерінде Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президент Александр Майер, оқытушы Сәуле Қазыханова (40-49 жас), доцент Андрей Федоров, Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкері Валентина Кабардина (жасы 60-тан асқандардың арасында), сондай-ақ аграрлық факультеттің профессор-оқытушылары М.Науанова мен Н.Можаевтар жеңімпаздар атанды.Бір айға жалғасатын спартакиаданың жеңімпаздары жалпы командалық ұпай сандары бойынша анықталып, ақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталатын болады.
Соңғы жаңалықтар