Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінде «Түлек ? 2009» жәрмеңкесі өтіп жатыр

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде үстіміздегі жылы оқуларын тәмамдайтын студенттерді жұмысқа орналастыру мақсатында «Түлек – 2009» жәрмеңкесі өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Университеттің Тіркеуші офисі директорының орынбасары Ержан Ахметовтың атап көрсеткеніндей, жәрмеңкеге Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан мен басқа да аймақтардан ауыл шаруашылығы саласының өкілдері мен басшылары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық департаменттері, 50-ден астам кәсіпорын өкілдері қатысып отыр. «Жәрмеңкеге үстіміздегі жылы оқуларын тәмамдайтын 1 мыңнан астам студент қатысуда. Қазір университет, студент және жұмыс берушілердің арасында үшжақты келісімшарттар жасалып жатыр. Сұранысқа ветеринария дәрігері, зоотехник, инженертехнолог және электрші мамандықтары ие. Әсіресе, оқу үлгерімі жоғары жастарға сұраныс жоғары», - деді ол. Түлектерін жұмыспен қамту мақсатында университет қабырғасында дәстүрге айналған шара осымен бесінші жыл қатарынан өтіп отыр. Оның нәтижесі бойынша 2005-2006 оқу жылында 974 түлектің 609-ы, (62,5 пайызы), кейінгі оқу жылында 1303-тің 870-і (65 пайызы), үшінші жылы 1090 студенттің 784-і (72 пайызы) және төртінші жылы 1830-дың 1372-сі (74,97 пайызы) жұмысқа орналасты.
Соңғы жаңалықтар