Астанадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанат Мемлекет басшысының қатысуымен өтедi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астанада өтетiн салтанат Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтедi. Бұл туралы бүгiн елiмiздiң Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi.

Астанадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанат Мемлекет басшысының қатысуымен өтедi

"Бiрнеше күннен кейiн Астанада Мемлекет басшысының және өзге де көптеген шетелдiк қонақтардың қатысуымен салтанатты шаралар өтедi. Үлкен халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылады. 11 қыркүйек күнi кешке Астананың жаңа Мұз сарайында театрландырылған қойылым жоспарланған", - деп хабарлады Е.Ыдырысов.

"Тағы бiр айдан кейiн Қазақ хандығының негiзi қаланған өңiр - оңтүстiкте, бiздiң көне қаламыз Таразда тағы да үлкен той өтедi, соған шақырамыз. Таразда 8 қазанда аспан астында үлкен думан өткiзiп, 550 жыл бұрын бiздiң киелi топырақта болған тарихи оқиғаларды еске түсiретiндей бар күшiмiздi саламыз", - дедi Ыдырысов.