Астанадағы Қазақстан мен Германия матчының бастапқы құрамы
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада түнгі он екіде басталатын Қазақстан мен Германия матчына құрамалардың старттық құрамы белгілі болды.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек алғашқы минуттарда ойынға келесі футболшыларды шығарды. Қақпада - Андрей Сидельников, алаңда ойнауда: Александр Киров, Юрий Логвиненко, Марк Гурман, Қайрат Нұрдәулетов (капитан), Виктор Дмитренко, Сергей Остапенко, Марат Хайруллин, Мақсат Байжанов, Генрих Шмидтгаль және Бауыржан Жолшиев.
Германия құрамасының бастапқы құрамы келесідей: Мануэль Нойер (қақпашы), Марсель Шмельцер, Бенедикт Хеведес, Сами Хедира, Бастиан Швайнштайгер, Месут Эзил, Юлиан Дракслер, Томас Мюллер, Филипп Лам (капитан), Пер Мертеcакер және Марио Гетце.