Астанадағы қазіргі заманғы өнер мұражайында «Қазақша Жаңа жылдық ертегі» халықаралық көрме-байқауының вернисажы өтеді

АСТАНА. 7 желтоқсан. Елордадағы қазіргі заманғы өнер мұражайында 8 желтоқсан күні «Қазақша Жаңа жылдық ертегі» халықаралық көрме-байқауының вернисажы ашылады.

Астанадағы қазіргі заманғы өнер мұражайында «Қазақша Жаңа жылдық ертегі» халықаралық көрме-байқауының вернисажы өтеді

Бұл туралы мұражайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шара «Қолөнер» коммерциялық емес ұйымның ұйымдастыруымен, мұражайдың, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның, Астана қаласы әкімдігінің, ҚР көркемөнер академиясының және Астана қаласының мәдениет басқармасының және Қазақстандық ақпарат-клубының ақпараттық қолдауымен қолға алынып отыр.

Жаңа жылдық суреттердің, ұсақ-түйек қолдан жасалған заттардың «Қазақша Жаңа жылдық ертегі» көркемсуреттік байқауына Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі жастағы талап білдіргендер қатысады. Байқауға 700 астам жұмыстар ұсынылды. Байқаудың ережелері мен шарттары бойынша үш номинация белгіленген: «Сурет», «Қуыршақ» және «Жаңа жылдық шырша ойыншығы».

Байқауға қатысушылар өздерінің жұмыстарында Қазақстанның тарихын, әдет-ғұрыптарын және мәдениетін бейнелейтін болады.

«Қазақша Жаңа жылдық ертегі» халықаралық көрме-байқауы мұражайда 8 желтоқсаннан 2014 жылғы 12 қаңтарға дейін жұмыс істейді.