Астанадағы кедендік рәсімдеу орталығы электронды кезек тәртібіне ауысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік құжаттарды рәсімдеу уақытын азайтып, қызмет сапасын жақсарту үшін электронды кезек тәртібіне ауысты. Бұл туралы бүгін кедендік рәсімдеу орталығының жөндеуден өткен кеңсесін таныстыра отырып, орталықтың бас маманы Серік Тоқтасынов айтып берді.
None
None

«2014 жылдың 14 тамызында Мемлекеттік кірістер комитеті құрылған болатын. Осы бір жыл ішінде Астанадағы мемлекеттік кірістер департаменті бизнеске жеңіл болатын біраз шараларды қолға алды. Соның бірі бүгін «Астана кедендік рәсімдеу орталығы» жаңа қағидат бойынша, яғни, Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет тәртібі сияқты, электронды талонмен жұмыс істеу тәртібіне ауысты. Бұрын рәсімдеу орталығына келген адамдар кезек күтіп, қолайсыздықтарға да тап болып жататын. Астана қаласына тасымалданатын сыртқы тауарлардың барлығы осы кедендік рәсімдеу орталығынан өтеді, сондықтан, біздің қызметке жүгінетін кәсіпкерлер қарасы көп. Электронды кезек қызмет сапасын жақсартып, кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді әрі жаңадан орнатқан озық технологиялардың арқасында құжаттарды рәсімдеу уақыты да әлдеқайда азайып отыр», - дейді С.Тоқтасынов.

Бас маманның айтуынша, кедендік рәсімдеу орталығында 20 адам қызмет көрсетеді. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 6 мыңнан аса жүк және кедендік декларациялар рәсімделіп, кедендік кірістер 12 млрд. теңгеден асқан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум