Астанадағы кейбір аудандарда электр энергиясы мен ыстық су беру тоқтатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін және ертең елорданың кейбір аудандарында электр энергиясы мен ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
Атап айтқанда, Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдары, Сығанақ, Орынбор, Түркістан, Ақмешіт, Сауран, Сарайшық, Қонаев, Достық, Алматы, Керей - Жәнібек хандар, Тоқпанов көшелерінде орналасқан көппәтерлі үйлер ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастап, жылу желісіндегі барлық жұмыстарды тоқтатуы қажет. Сондай-ақ, осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс. Бұдан басқа, «Астана-АЭК» АҚ бүгін келесі мекенжайлар бойынша электр энергиясын беру жоспарлы тоқтатылатынын хабарлады: Мирзоян көшесі 5, 7, Қажымұқан көшесі 6, Абылайхан даңғылы 59, Сүйінбай ақын, Ақбиік, Жайылма, Майлыбай, Сұлутал, Дәулеткерей, Жоламан, Сейдаллин көшелері, Шұбар кенті Тайбеков көшесі 13-29, Бейбітшілік көшесі 33, Заречный кенті Енбекшілер көшесі 5/4-5/10, Қаратөбе көшесі 2-8, Аққұм көшесі 24, Комсомольский кенті Айғаным көшесі 11-21, Айша бибі көшесі 3, 4, 8, 9, 11, Қыз Жібек көшесі 10-16, 15-29, Республика даңғылы 8, 10, 10а, 10б, 10/1, 12, 16/1.