Астанадағы кездесуде Сирия бойынша бірлескен жедел топ туралы ережеге қол қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Сириядағы соғысты тоқтату режімін нығайту жөніндегі бірлескен жедел топ туралы ереженің жобасы толықтай келісілді деуге болады. 

Астанадағы кездесуде Сирия бойынша бірлескен жедел топ туралы ережеге қол қойылады

Оған қол қою Астанадағы келесі кездесуге жоспарланып отыр. Ресейдің Жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында  РФ Қарулы күштері Бас штабы Бас жедел басқармасының бастығы, генерал-лейтенант Сергей Рудской  мәлім еткен.

«Іс жүзінде ресейлік «Соғыс іс-қимылдарын тоқтату режімін нығайту жөніндегі бірлескен жедел топ туралы ереже» жобасы толықтай келісілген. Астанадағы келесі кездесуде оған қол қою көзделіп отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, бұған дейін Ресей мен Түркия сарапшылары әзірлеген қорытынды келісімге қосымша хаттаманы кездесуге қатысушы тараптың барлығы қолдаған.

«Сонымен қатар ресейлік тарап ұсынған «бітімгершілікке келген аудандар (елді мекендер) туралы ережеде» мақұлданған болатын. Онда сириялық ресми билік пен көшпелі кезеңде қарулы жасақтардың бақылауында болған елді мекендер арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібі айқындалған», - деді Рудской.

Оның атап өтуінше, бұл құжаттар Сирия үкіметі  мен оппозицияның келісіміне жіберілген.