Астанадағы ҚК әскери қызметшілерінің қайырымдылық жүгіруіне өзге де қалалар қосылды (ФОТО)

АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанада өткен ҚР Қарулы Күштерінің алғашқы қайырымдылық жүгіруі елордалықтардың арасында қызығушылық туғызып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның басқа да қалаларында әскери қызметшілер мен қоғам тарапынан қолдау тапты.
None
None

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қазанда ұқсас іс-шаралар әскери қызметшілердің, қоғам қайраткерлерінің, журналистер мен шаһардың белсенді тұрғындарының қатысуымен Алматыда, Ақтөбеде және Оралда өткен.

«Біз бір уақытта Алматыда жүгірдік. Сонымен қатар «Мейірім» қорының шотына онлайн түрінде қаражат аудардық. Марафонды өткізу идеясы өте жақсы, мұндай марафондарды болашақта Алматыда өткізуге болады. Әскери қызметшілердің қайырымдылық көрсету бастамасы қазақстандықтар арасында қолдау тауып, ауқымдырақ болып, алдағы уақытта ұдайы өткізіліп тұрса құба-құп болар еді», - дейді таулы даярлық жөніндегі команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ның аға лейтенанты Мақсұт Жұмаев.

Қайырымдылық іс-шараға мұндай жан-жақты атсалысу көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсету болып табылады.

25 қазанда «Отан қорғаушылар» алаңында «Әскери әулет» байқауы шеңберінде ҚР ҚК қайырымдылық жүгіруі өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Оған 700-ден аса адам, яғни, ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ақмола гарнизонының, ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, эстрада әртістері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жүгіру барысында жиналған барлық қаражат «Мейірім» қоғамдық қоры мен «Балаларға өмір сыйла» қорына тапсырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар