Астанадағы қоғамдық көліктер тәулігіне 515 мың жолаушы тасымалдайды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астанада жолаушылар тасымалдау бойынша түрлі кемшіліктерге жол берген 845 кондуктор мен 467 жүргізуші жұмыстан шығарылды.
None
None

Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл жайында елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Жолаушылар тасымалы бөлімінің бастығы А. Тамабаев хабарлады.

Астанадағы қоғамдық көліктер  тәулігіне 515 мың жолаушы тасымалдайды екен. Қызмет көрсету барысында орын алған азды-көпті кемшіліктер халықтың назарынан тыс қалмайтыны анық. Оның үстіне барлық автобустар мен түрлі бағытта жүретін таксилерде тасымалдау ережелері бұзылған жағдайда хабарласа алатын телефон номерлері ілінген. Сондықтан түрлі мазмұндағы шағымдардың түсіп жатуы заңды. Халықтың бұл талаптары бойынша нақты шаралар қолданылылып жатады, ал тасымалдау ережесін жүйелі түрде бұзатын тасымалдаушылармен жасалған шарттар бұзылады.     

Бөлім бастығының айтуынша, соңғы үш жылда тасымалдаушылардың саны 13-тен 8 бірлікке дейін қысқартылды. Бұл қала ішілік бағыттар бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар ауқымының ұлғайып, үздіктерінің тұрақтап қалуына жағдай жасайды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Астана қалалық прокуратурасы жолаушылар тасымалымен айналысатын ұйымдарға жоспарлы тексеріс жүргізді. Нәтижесі бойынша 7 бағыт бойынша 5 тасымалдаушымен шарт бұзылды. Бүгінгі таңда осы бағыттардағы көліктер кемшіліктер жойылғанға дейін уақытша пайдаланылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар