Астанадағы Көктал-2 елді мекенінде тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды
«Қорғалжын» гүлзарында балаларға арналған ойын алаңы, спорт алаңы, іс-шараларға арналған орын, демалысты тыныш орында өткізуге арналған аумақ және т.б. орналасқан. Шахмат пен теннис үстелдері бар. Жаңа орын көгалдандырылып, жергілікті суару жүйесімен жабдықталды.
Осыған дейін Көктал елді мекенінде жалпы аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылған. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру кезінде балалардың да, жастардың да, аға буынның да мүдделерін ескереміз. Мұның бәрі қала тұрғындары бос уақытын денсаулығына пайдалы күйде өткізуі үшін жасалып жатыр», - деп жазды әкім.
Айтуынша, биыл елордада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында 250-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды. Ал, үш жыл ішінде 750-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған болатын. Бұл жұмыс елорданың барлық ауданында жүріп жатыр.
Фото : gov.kz