Астанадағы қонақ үйлер мен мейрамханалар халықтың тұрмыс деңгейі орташа тобына да қол жетімді болуы тиіс - Президент

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы қонақ үйлер мен мейрамханалар негізінен халықтың тұрмыс деңгейі орташа тобына да қол жетімді болуы тиіс деп есептейді. Президент бұл пікірін бүгін елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте білдірді,

Астанадағы қонақ үйлер мен мейрамханалар халықтың тұрмыс деңгейі орташа тобына да қол жетімді болуы тиіс - Президент

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Қараңыздар, қонақ үйлер мен мейрамханалардағы бағалар тек қана қала тұрғындары мен шетелдіктерді ғана емес, сонымен бірге біздерді де есімізден тандырады. Мұндай ғимараттар негізінен орта топқа, яғни елордаға келіп-кетіп жатқан қонақтарға мақсатталуы тиіс», деді кеңесте Н. Назарбаев. 

«Әрине, біз бағаға билік жүргізе алмаймыз. Алайда, бұл елордада бәсекелестіке қатысты проблема барын білдіреді», деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

«Халықаралық сарапшылардың көзқарасынша, орта топқа арналған қонақ үйлердің бағасы 80-100 доллардан қымбат болмауы және оларда минималды қызмет көрсету пакеті болуы тиіс. Бұл туристерді тартудың негізгі тұстарының бірі болып табылады», деп толықтырды сөзін Н. Назарбаев.  Осы орайда, Президент Астанада халықтың тұрмыс деңгейі орташа тобына арналған қонақ үйлерді салуға назар аудартты.