Астанадағы концерт ерекше болады - Пласидо Доминго

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Исмағұлов/ - Мен берген әрбір концерт сонымен қатар түрлі шығармалардың комбинацияларын білдіреді, ол жұртшылықтың барлық талаптарын қанағаттандырады. Кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатының барысында атақты итальяндық опера теноры Пласидо Доминго осылай мәлімдеді,

Астанадағы концерт ерекше болады - Пласидо Доминго

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 П.Доминго Астанаға кеше түсте келген болатын және ол қазақ музыкасымен, жас елордамыздың қонақжайлылығымен, әсем келбетімен танысып үлгерді. Маэстро баспасөз мәслихатына П.Домингоның өзі бастамашы болған жас орындаушылар конкурсының жеңімпазы - аргентиналық сопрано Вирджиния Толомен бірге келді.

 «Мен берген әрбір концерт сонымен қатар түрлі шығармалардың комбинацияларын білдіреді, ол жұртшылықтың барлық талаптарын қанағаттандырады. Сондықтан Астанадағы концерт ерекше болады», - деп атап айтты ол.

Баспасөз мәслихатының соңында маэстро журналистердің өтініші бойынша бала кезден бері шырқап келе жатқан танымал әндерінің бірінен үзінді орындап берді.

Шілденің 5-інде Тәуелсіздік сарайында Қазақстанда және Орталық Азияда тұңғыш рет әлемдік опера өнерінің жұлдызы Пласидо Доминго өнер көрсететінін естеріңізге саламыз.