Астанадағы Конгресс-Холлда композитор Т.Мұхамеджановтың қала күніне арналған шығармашылық кеші өтті

СТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін елордадағы Конгресс-Холл сарайында композитор Төлеген Мұхамеджановтың Астана күніне арналған шығармашылық кеші өтті.
None
None

Екі сағатқа жалғасқан концерт екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Абзал Мұхитдиновтың дирижерлік етуінде Астана қалалық Мемлекеттік филармонисының симфониялық оркестрі мен хордың сүйемелдеуінде, композитордың бірқатар отандық және шет ел киноларына жазған саундтректері орындалды. Олардың арасында Д.Жолжақсыновтың «Біржан сал», Т.Теменовтың «Қызғыш құс» кинофильмдері мен «Бозторғай» мультипликациялық фильміне жазылған туындылар бар.

Талғампаз көрерменнің көңіл-күйінен шығу үшін екінші бөлімде Т.Мұхамеджановтың әндері шырқалды. Сахна төрінде Нұржамал Үсенбаева, Маржан Арапбаева, «Ринго» тобы (Қазақстан), Стас Пьеха, «На-на» тобы (Ресей), Эвелина Балчева (Болгария), Эйсел Сантос (Филиппин) және тағы басқалар өнер көрсетті.

Т.Мұхамеджанов, журналистерге берген сұхбатында, кеш Астана күніне арналғандықтан, оның бағдарламасын бұған дейінгі концерттерден ерекше, қайталанбастай етіп өткізуді ойластырғанын атап өтті.

«Мен 2-3 жыл бұрын жеке концертімді бердім. Бүгін тарту еткен концерт олардан өзгеше, 90 пайызға жаңа. Мен онда Астанаға деген махаббатымды, көңілімді білдіргім келді», - деді композитор.

Соңғы жаңалықтар