Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар алынды

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаментіне Алматы ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді қоңырау келіп түсті,

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар алынды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 Министрліктен хабарлағандай, өткен сенбі күні сағат 22:58-де, 4-ші шағынаудандағы №33-ші бес қабатты тұрғын үйдің №13-ші пәтеріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді ақпарат келіп түскен.

 Жедел жүргізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.