Астанадағы «Көркем» тұрғын үй кешенінде болған төтенше жағдайды арнайы комиссия тергеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Көркем» тұрғын үй кешенінде болған төтенше жағдайды арнайы комиссия тергеуде. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен брифингте Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, құрылыс аймағына шыққан еңбек инспекторы мен прокуратура қызметкерлері еңбек заңнамасының бұзылғандығын анықтаған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта төтенше жағдайға қатысты тергеу комиссиясы құрылды. Оны әкімдік өкілі - еңбек инспекциясы органы басқаруда. Комиссия құрамына, сондай-ақ жұмыс беруші, жұмысшылардың өкілдері енген. Тергеу 10 күн жүргізіледі. Нәтижесі хабарланатын болады», - деді ол. Еске сала кетейік, 25 сәуір күні Астанада «Көркем» тұрғын үй кешенінде металл құрылымдарының бөліктері құлап кетіп, 18 адам жарақат алған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум