Астанадағы көрмеде шет мемлекеттерден келген 70-ке тарта компания жылыжай технолгияларын ұсынды
СТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, бейсенбіде Астанадағы Конгресс Холл сарайында «Паналы топырақ технологиялары, жылыжай кешендері. Гүлдер. Ландшафт. Аула - 2010» атты I-ші Еуразиялық көрме ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмеге Ресей, Голландия, Эквадор, Германия, Испания, Украина, Бельгия, Австрия, Италия, Кения сынды 12-ге тарта шет мемлекеттерден және Қазастаннан 70-ке тарта компания қатысуда.
Бұл компаниялар өндірістік, фермерлік жылыжай кешендерін, бақша жабдықтарын, тұқым егу және суару материалдарын, оранжереялар мен жылыжайлардың жарықпен қамтамасыз ету құрылғыларын, жабық бау-бақшалардағы суару жабдықтарын, агротекстиль өнімдерін қойған. Сонымен қатар гүл және ландшафтты безендіру қызметтерін ұсына келген.
«Көрме ландшафтты дизайн нарығының жаңа, әлемдік тенденцияларын біліп тануға мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ гүл және ландшафтты өнімдердің жасаушылары мен жеткізушілері, жылыжай технологияларының шығарушылар арасында іскерлік қарым-қатынастарды орнатуға, тәжірибе алмасуларына арналған диалогтік алаң болмақ», дейді ұйымдастырушылар.
«Ауыл шаруашылығында жылыжай саласының алар орны ерекше. Сондықтан осындай шаралар кәсіпкерлердің ісін ары қарай дамытуға, осы саланы өркендетуге өз үлесін қосады», дейді салтанатты ашылу рәсімінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев.
3 күнге белгіленген шара барысында семинарлар, дөңгелек үстел жиындары қатар өткізіледі.