Астанадағы көшеге Сұлтан Бейбарыстың есімі берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Сұлтан Бейбарыстың аты берілген көшенің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.
None

Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге Мысыр сұлтанының есімі берілді. Шара тарихи тұлғаның 800 жылдығына орайластырылған.

«Бұл ұзындығы 2 км-ден асатын алты жолақты көше. Сонымен қатар біз мерейтой аясында спектакльдер, ғылыми конференциялар, Мысыр тарапымен бірлескен жобалар шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов көшенің ашылу рәсімінде.


Соңғы жаңалықтар