Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасында ақын Бауыржан Қарағызұлының «Жұмбақтасқа жауған күз» атты әдеби кеші өтеді

АСТАНА. 16 қазан.  ҚазАқпарат - 2012 жылдың 17 қазан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Көгілдір» залында Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты және Гран-при жүлдесінің иегері, ақын Бауыржан Қарағызұлының «Жұмбақтасқа жауған күз» атты әдеби кеш өтеді.
None
None

Бұл кеш барысында ақынның «Жұмбақтасқа жауған күз» атты кітабының тұсаукесері болады.

Бұл әдеби кештің  мақсаты - қазақ елінің ұлттық-рухани құндылықтарын, ұлттық пәлсапасын, ұлттық поэзиясын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Астана қаласындағы жас ақын-жазушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытуға жағдай жасау. Кітапхана мен оқырманды, оқырман мен автордың арасын жақындастыру.

Кеш қонақтары: ақын, ҚР халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова; ақын, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы; ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар Одағының хатшысы Маралтай Райымбекұлы; ақын, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы;  ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты  Алмас Темірбайтағы да басқа Астана қаласындағы зиялы қауым, ақын-жазушылар қатысады.

Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық әдеби конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. (2006-2008 ж.) «Әлемге әйгілі - Астана» атты жыр мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері. (2010 ж.) Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықтың иегері (2010ж.) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған Діни өлеңдер мүшайрасында лауреат атанып, «Ұмра» қажылыққа жолдама алған. (2010 ж.) Дүниежүзілік қазақтардың ІV Құрылтайы аясында өткен жастардың Халықаралық «Жырым саған, Атажұрт!» жыр мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері (2011 ж.) «Қазақстан патриоты» медалінің иегері (2011 ж.)
«Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.» атты жыр-кітаптарының авторы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум