08:55, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Астанадағы құрылыс нысандарында жоғары қабаттардан құлап кеткен екі жұмысшы зардап шекті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанадағы құрылыс нысандарындағы жұмысшылар зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Сейсенбі, 10 қаңтар күні Астана қаласының Есіл ауданындағы «Сармат»тұрғын үй кешенде құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Асат» ЖШС-нің жұмысшысы 1987 жылғы азамат 10 қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.
Елорданың осы ауданында, «Айсана» тұрғын үй кешенінде мұнара кранын құрастыру кезінде «Жомарт» ЖШС-нің монтажшысы, 1985 жылғы азамат 6 қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.