Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы 4 метр биіктіктен құлап кетті
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде 3-4 метр биіктіктен жұмысшы құлап кетті»,-деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл оқиға кеше, 5 наурыз күні болды. Елордадағы Тәуелсіздік даңғылының бойында орналасқан сауда үйінің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Ажар орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы 3-4 метр биіктіктен құлап кетті. 28 жасар азамат ауруханаға жеткізілді.