Астанадағы құрылыстарға қатысты бірнеше күн қоғамдық талқылаулар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында бірнеше мәселе бойынша қоғамдық талқылаулар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы құрылыстарға қатысты бірнеше күн қоғамдық талқылаулар өтеді

16-21 тамыз күндері мынадай мәселелер талқыланады:

16 тамыз: Тәуелсіздік даңғылы – Шарль де Голль көшесі (қабаттылықты өзгерту; қызыл сызықтарда орналасқан объектілерді бұзу; жаяу жүргіншілер кеңістігін ұлғайту; пандустар салу; скверді абаттандыру; қауіпсіз жаяу жүргіншілер аймағын және жалпы пайдаланылатын орындарды дамыту үшін құрылыс базарының орнын ауыстыру мәселелері).

17 тамыз: Жеңіс - Бөгенбай даңғылы, А.Храпатый, Ә.Тыныбаев көшелері (Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан жер учаскесін Сарыарқа ауданы әкімдігіне бере отырып, көпқабатты тұрғын үй құрылысың нысаналы мақсатын гүлбаққа өзгерту; тоқсан сайынғы құрылысқа сәйкес жобалардың қабаттылығын егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына өзгерістер енгізу; балабақшаны бекіту туралы; игерілмеген учаскелерде жаңа құрылыс салудың орынсыздығы мәселесі; саябақты дене шынықтыру мен спортқа арналған нысан ретінде рекреациялық аймаққа жатқызу; туристік индустрия объектілерін орналастыру).

18 тамыз: Достық көшесі және Қабанбай батыр, Республика даңғылдары, Бараев көшесі (іскерлік орталықты дамыту; бұрын қолданылып жүрген жоспарға сәйкес 3 қабаттан аспайтын қабатты шектеу мәселелерін егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына өзгерістер енгізу; «Азия парк» сауда алаңдарының нысаналы мақсатын өзгерту; Қазақстан жас суретшілер қауымдастығының көркем галерея салуы).

19-20 тамыз күндері – демалыс.

21 тамыз: Қорғалжын тасжолы, Иманбаева - Ғабдуллин - Иманов көшелері (схемаға сәйкес кварталішілік қозғалысты өзгерту; өз бетінше салынған құрылыстарды бұзу; қолданыстағы нысаналы мақсатта 86 машинаға арналған паркинг салу туралы мәселелерді қарау; 4 қабаттан аспайтын ғимарат, 1000 орын бағдарламасы шеңберінде Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жалдау шартының күшін жою).

Талқылаулар 16-21 тамыз аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін (сенбі және жексенбі – демалыс күндері) Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша өтеді.

Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталардан бұрын үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Астана қаласы, Әуезов көшесі, 6; Республика даңғылы, 32 мекенжайлары бойынша қабылданады.

Өтініштер жәшігіне ұсыныстар жіберген кезде оларды хаттамаға қосу мақсатында қарау күнін және көшелердің атауын көрсету қажет.

Ұсыныстарға арналған нысанды https://talqilaw.kz сілтемесі арқылы «ООС жобасы бойынша ұсыныстар» бойынша жүктеуге болады.