Астанадағы ломбардтардың кейбірі заңға қайшы әрекеттерге жол беріп отыр ? баспасөз мәслихаты

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елордада бүгінде түрлі заттар қабылдайтын 90-нан астам ломбардтар жұмыс істейді.
None
None
Алайда олардың барлығы қызметтерін заң аясында жүзеге асырып отыр деу қиын», - деді Астана қалалық Қылмыстық полиция басқармасының бөлім бастығы Шамсиддин Түбеков. Бұл пікірін ол бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, елордада пәтер тонау әрекеттерімен айналысып жүрген қылмыстық топтардың ұрланған заттарды ешқандай құжатсыз-ақ қаладағы ломбардтарға өткізгендігі анықталған. Осыған байланысты жақын күндерде қалада арнайы сауықтыру шаралары жүргізілмек. Онда кейбір ломбардтардың жұмыстарының заңға сәйкестігі де тексеріледі. «Егер олардың заңсыз әрекеттері толығымен дәлелденетін болса, ломбард иелері жауапқа тартылып, олардың лицензиясы алынуы да мүмкін», - деді бөлім бастығы.
Соңғы жаңалықтар