Астанадағы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалында түлектер жәрмеңкесі өтіп жатыр

«Біздің түлектер М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің дипломдарын алып шығады. Бірақ біздің алғышартымыз оларды Қазақстанның стратегиялық даму бағыттарына бағдарлау болып табылады. Біз мамандарды Қазақстан үшін даярлаймыз. Сондықтан олар мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгерген, оқу жылдарының жартысын Мәскеуде өткізетіндіктен, олар екі елдің де ішкі, сыртқы саясаттарымен етене таныс», - дейді ол.
Биыл ММУ-дың қазақстандық филиалын математика, қолданбалы математика және информатика, экономика (бакалавриат және магистратура), филология, экология және табиғатты пайдалану мамандықтары бойынша 121 студент аяқтап отыр, оның 24-і - үздік дипломмен.
Түлектер жәрмеңкесіне қатысып отырған жұмыс берушілердің ауқымы да өте кең. Олардың арасында ҚР Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы мен Қоршаған ортаны қорғау министрліктері, ҚР Статистика агенттігі, «Назарбаев интеллектуалдық мектебі», «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ және бірқатар ірі жекеменшік банк құрылымдары бар.
Айта кетейік, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылы құрылды. Осы уақытқа дейін оқу орнынан 400-ден астам жас түлек қанат қақты. ЖОО-ға түскен студенттердің барлығы мемлекеттік грант бойынша білім алады. Олардың жыл сайынғы саны - 125 студент, 20 магистрант.