Астанадағы лық толы автобустардың мәселесі қалай шешіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – City Transportation Systems астанадағы лық толы автобустардың мәселесін қалай шешуді жоспарлап отырғаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жолаушылар ағынын өлшеу деректері бойынша, 15, 26, 29, 29А, 61, 37, 46, 50, 56, 51 маршруттарда автобустардың 91%-дан аса толы болатыны анықталды. Біз осы аталған маршруттардағы, сондай-ақ қатынау аралығын қысқартуды қажет ететін маршруттардың график санын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда автобус тапшылығына байланысты кестелер санын көбейту қиын. Алайда кестені жаңа тасымалдау желісін шығару арқылы ұлғайту жоспарлануда», - деп жазылған компанияның ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Сонымен қатар CTS компаниясы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу, паркингтер және велосипедтерді жалға беру сияқты үш қызметті біріктіретін қосымшаны сынақтан өткізіп жатқанын мәлім етті.

Өтпелі авторизация пайдаланушыға нақты уақыт режимінде автобустарды маршрут бойынша бақылауға, қолжетімділікті көруге және тұрақ орнын брондауға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар
telegram