10:26, 27 Тамыз 2017 | GMT +5
Астанадағы марафон: 10 км қашықтық жеңімпаздары белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан халықаралық марафонынының 10 шақырым қашықтықта топ жарған жеңімпаздардың есімі анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

10 шақырымда қыздар арасында үшінші орынды көкшетаулық Надежда Бекмағамбетова алды. Ал екінші орын Шымкенттен келген Балнұр Асылбектің еншісінде қалса, бірінші орынды Татьяне Нерознак ұтып алды. Жүлдегерлерге диплом мен бағалы сыйлықты Астана қаласы әкімінің орынбасары тапсырды.
Ал осы қашықтықта ерлер арасында бірінші орынды Құдайберген Зейноллаев, екінші орынды Алматы облысынан келген Дарын Қонысбаев иеленді. Жүлделі үшінші орынды ОҚО-дан келген Артем Чижевский місе тұтты.
Еске сала кетсек, бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық марафоны өтіп жатыр .