Астанадағы марафон: Қырғыз бен өзбек қыздары топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық марафонында әйелдер арасында бірінші болып мәре сызығын қырғызстандық Виктория Полюдина кесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.
None
None

Виктория 42 шақырымдық қашықтықта мәре сызығын 2 сағат 37 минут 43 секундта кесіп өтті. Жеңімпазға дипломмен бірге 13 мың АҚШ доллары тапсырылды. Ал одан бар-жоғы 7 секунд қана қалып қойған өзбекстандық Марина Хмелевская екінші орыннан көрінді. Мәреге үшінші болып 2 сағат 42 минут 21 секундта қазақстандық Жанатбек Гүлжанат жетті.

null
null 
null

Алғашқы үштіктен кейінгі тоғыз орынды Марина Коробитская (Қырғызстан), Жанна Мамажанова (Қазақстан, Алматы), Ольга Богомольская (Қазақстан, Павлодар), Чулуунху Шинетцетцек (Моңғолия, Ұланбатыр), Руиксианг Хан (Бейжің) пен Қарлығаш Сәміжан (Қазақстан, Семей) иеленді.
null 

Еске сала кетсек, Елордада ел тарихындағы тұңғыш кәсіби марафон жарысысоңына жетті. Халықаралық марафонның 2017 метр қашықтықтығы 4 санаты бойынша өткізілген болатын. Ал 10 шақырымдық қашықтықта ерлер арасында Құдайберген Зейноллаев бірінші болып келсе, қыздар арасында Татьяна Нерознак бас жүлдеге ие болды. Марафонның 42 шақырымдық ең ұзақ қашықтығында ерлер арасында бірінші болып мәре сызығын Өзбекстан елінен келген 31 жастағы Андрей Петров кескен болатын.

Соңғы жаңалықтар