Астанадағы матч кезінде «Авангард» ойыншысының миы зақымданған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Презиентінің Кубогы турнирінің аясында «Нефтехимикке» қарсы матч кезінде есінен танып қалған «Авангард» командасының ойыншысы Кристиан Кудроч өз-өзіне келді. Бұл туралы омбылық команданың Facebook-тағы ресми парағында жазылды.

Астанадағы матч кезінде «Авангард» ойыншысының миы зақымданған

«Ресми мәлімдеме: Крис Кудроч есін жиып, зайыбымен телефон арқылы сөйлесті, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген таратылған хабарламада.

Бұдан басқа, турнирдің бас дәрігері Олег Ишмаков та болған жайтқа қатысты түсінік берді. «Турнирдің әр ойынында жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді. «Авангард» ойыншысы есін жоғалтқан сәтте дәрігерлер бірден көмекке келді. Бірлескен күшпен алғашқы қажетті рәсімдер жасалды. Артынша хоккейші Астанадағы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір ауруханада ем алуда. Кристиан өз-өзіне келді. Оның қазіргі жағдайы ауыр деп бағалануда, алайда өміріне еш қауіп жоқ», - деген жарыстың бас дәрігерінің сөзін келтіреді «Барыс» ХК баспасөз қызметінде. Дәрігерлер ойыншыға миы зақымданған деген диагноз қойды. «Қазір оған ұшақпен ұшуға болмайды, сондықтан да «Авангард» хоккейшісі Астанада 10 күнге қалады», - деді дәрігер. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Кубогы үшін хоккейден халықаралық турнир аясында Астанада «Невтехимикпен» матч барысында омбылық «Авангард» құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.