Астанадағы матч кезінде омбылық хоккейші жарақаттанып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Кубогына хоккей бойынша халықаралық турнир аясындағы Астанада «Невтехимикпен» матч барысында омбылық «Авангард» құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлады «Барыс» хоккей клубының сайтынан.

Астанадағы матч кезінде омбылық хоккейші жарақаттанып қалды

«Бүгін «Авангард» - «Нефтехимик» матчтарының бір кезеңінде бірінші команда ойыншысы Кристиан Кудроч жарақат алды. Орындыққа дейін өзі жеткен ол, біраз уақыттан кейін есінен танып қалды. «Қазақстан» спорт сарайында тұрақты кезекшіліктегі дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетті, алайда ол есін жимағандықтан, ауруханаға жеткізуге тура келді. Ойыншыны жедел жәрдеммен алып кетті», - делінген хабарламада.

Бапкерлік штабтың екіжақты келісімі бойынша хоккейшінің жарақаты ауыр болғандықтан, ойынды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылданды. Ағымдағы есеп 1:1. Кейінірек «Барыс» ХК баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне Кристиан Кудроч есін жиғанын хабарлады. «Авангард» клубы өкілдерінің айтуынша, Кристиан Кудроч жедел жәрдем көлігінде есін жиған. Жарақаттың ауырлық дәрежесі анықталуда. Сондықтан ойыншы қазір астаналық аурханалардың бірінде жатыр. Кейіннен оқиғаның жай-жапсарын толығырақ баяндайтын боламыз», - деп атап өтілген баспасөз қызметінен. Еске сала кетейік, Астанада «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» V халықаралық турнирі өтуде. «Барыс» командасының ойыншылары жарыс аясында «Авангардпен» (Омбы), «Нефтехимикпен» (Нижнекамск) және «Металлургпен» (Новокузнецк) ойынға шығады.