Астанадағы мектепте оқушыға футбол қақпасы құлап, 10 жасар бала мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы мектепте оқушыға футбол қақпасы құлап, бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының білім басқармасына сілтеме жасап.
None

«№10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда.

Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Теміртауда спорт алаңында ойнап жүрген балаларды жасанды көгал басып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар