Астанадағы мемлекеттік қызмет Өңірлік хабын мақтан тұтамыз - Жихан Сұлтаноғлу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы мемлекеттік қызмет Өңірлік хабын мақтан тұтамыз. Бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы кәсіби мемлекеттік аппарат тақырыбындағы сессия жұмысында БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі, Еуропа және ТМД елдеріне арналған аймақтық бюроның директоры Жихан Сұлтаноғлу осылай мәлімдеді.
«Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабты құру туралы Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ ДБ-ның бастамасын мақтан тұтамыз. Бұл хаб біліммен бөлісуге және әлеуетті кеңейтуге қажетті тұғырнама»,-деп тоқталды Ж. Сұлтаноғлу.
Осы ретте БҰҰДБ өкілі хабпен бірлесе мемлекеттік аппаратты трансформациялауға байланысты жүйені қарастырып, бірлескен зерттеулер жүргізгенін атап өтті.
«Бұл хаб аталған мәселелерді талқылау үшін 32 ел мен 5 халықаралық ұйымның басын қосты. Осы шара өңірлік ынтымақтастықта және біліммен алмасуда жақсы үлгі болып табылады. Сондықтан осы шаралар бұндай маңызды секторда тәжірибені нығайтуға тың серпін береді»,-деді ол.