Астанадағы Мирзоян көшесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбековтың қаулысымен және қалалық мәслихаттың шешімімен елордада бірқатар көшелердің атаулары ауыстырылып, жобалық көшелерге жаңа атаулар берілді, деп хабарлады astana.kz.
None
None

Сөйтіп, құжатқа сәйкес Астана қаласы «Алматы» ауданы бойынша №142 көше Өзбекәлі Жәнібек көшесі деп аталды. «Есіл» ауданы бойынша жобалық атауы №199 көше Шыңғыс Айтматов көшесі деп; жобалық атауы №Е-352 көше Будапешт көшесі деп; жобалық атауы № 209 көше Ұзақ батыр көшесі деп; жобалық атауы №203 көше Жәмеңке абыз көшесі деп; жобалық атауы №59 көше Жантай батыр көшесі деп; жобалық атауы №Е-487 көше Зейін Шашкин көшесі деп; жобалық атауы №Е-107 көше Әмина Өмірзақова көшесі деп; жобалық атауы №200 көше Ілияс Омаров көшесі аталды. «Сарыарқа» ауданы бойынша №188 көшеге Шәймерден Қосшығұлұлының есімі берілді. Ал Левон Мирзоян көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі болып өзгертілді, сонымен қатар Дарабоз бен Асқар Тоқпанов көшелері біріктіріліп, Асқар Тоқпанов көшесі деп аталды. Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы бойынша Тұрар Рысқұлов көшесі Бұқарбай батыр көшесі деп; Нұрғиса Тілендиев орамы Аспандияр Кенжин көшесі деп; Жерұйық көшесі (3-4 пикет) Рақымжан Дүйсенбаев көшесі деп аталатын болды.

Соңғы жаңалықтар