Астанадағы музыка мектебіне қайырымдылық негізде шағын автобус табысталды
АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астана қаласының №1 музыка мектебіне қайырымдылық негізде «Газель» шағын автобусы табыс етілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған сыйды өнер ордасына көптен бері демеушілік көрсетіп келе жатқан Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұсынып отыр. Осыған орай мектеп шәкірттері мерекелік концерт өткізіп, Еуразия ұлттық университетінің басшылығына алғыстарын білдірді.Айта кетейік, бұған дейін Еуразия ұлттық университеті Астана қаласының №1 музыка мектебіне бірнеше музыкалық аспаптар табыс еткен болатын. Қазіргі кезде осы мектепте 450-ден астам жас өнерпаз білім алуда.