Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебі халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтіп, сертификатқа ие болды (ФОТО)
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (Халықаралық Бакалавриат) Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтіп, куәлігіне ие болды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласындағы Зияткерлік мектебі Назарбаев Зияткерлік мектептер арасында Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) мүшелігіне кірген алғашқы мектеп болып табылады. Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) - Халықаралық білім беру жүйесіндегі халықаралық мектептерді аккредитациядан өткізетін және оқытудың озат әдістерін әзірлейтін ұйым.
CIS мүшесі атанған мекеме мектеп өміріндегі және оқу процесінде ұйымдастырып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстарында халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. CIS қауымдастығына кіру - мектептің үнемі өзін-өзі кемелдендірумен қатар, дамудың келешектегі зор мүмкіншіліктеріне жол ашады. Ал бұл әрдайым жоғары деңгейде білім беруге қолжетімділіктің белгісі болып табылады.
Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) - халықаралық білім беру жүйесіндегі халықаралық мектептерді аккредитациядан өткізетін және оқытудың озат әдістерді әзірлейтін ұйым. Бүгінгі таңда CIS қауымдастығы бүкіл әлем бойынша 697 мектеп пен 508 колледж/университетті қамтитын халықаралық білім беру қоғамдастығына кіретін коммерциялық емес ұйым. CIS әлемнің 100-ден астам елінде мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 12-сынып оқушыларына дейін білім беру саласында тәжірибесі бар және қызметкерлері мен кеңесшілерінің көбі бұрын халықаралық мектептерді басқарған. CIS әлемнің үздік 50 жоғары оқу орындарымен белсенді жұмыс жасауда.
CIS Аккредитациясының артықшылықтары:
- Мектеп түлектерін әлемнің үздік жоғары оқу орындарына жетелеу (конференцияларға қатысу, көмек, даярлау жұмыстары);
- Мектептің сұранысы бойынша, серіктестіктегі мектептермен (Халықаралық Бакалавриат) бірыңғай бағалау процедураларын жүргізу;
- Халықаралық деңгейдегі көрмелерге және жоғары сапалық білім беру кадрларын іздеу бойынша жәрмеңкелерге қатысу;
- Көрмелерге қатысу және мектептегі оқушылар мен координаторларды өзара біріктіретін ақпараттық ресурстардың қолжетімділігі;
- CIS Халықаралық студенттік сыйлықақысына өз оқушыларын ұсыну мүмкіндігі;
- CIS Membership Directory сайтында мектеп жайында ақпараттың (мектеп профайлы) орналасуы.
2016 жылдың мамыр айының 13 мен 20 аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне CIS (Халықаралық Мектептер Кеңесі) сарапшыларынан құралған комиссия аккредитациялық сапармен келген болатын. Бір апта көлемінде 11 адамнан құралған комиссия мүшелері (әртүрлі елдерден тағайындалған халықаралық мектеп өкілдері) жоспар бойынша өз жұмысын жүргізді.
Мектепті бағалау келесі CIS-тің белгіленген 7 стандарты негізінде жүзеге асты:
- «Мектеп басқармасы бойынша қойылған шарттар»;
- «Білім беру және оқыту»;
- «Басқару және жетекшілік»;
- «Оқытушылар ұжымы және көмекші қызметкерлер»;
- «Білім беру мен оқытудағы қол жетімділік»;
- «Мектеп мәдениеті және оқыту барысындағы серіктестік»,
- «Операциялық жүйелер».
Соңғы кездесу нәтижесінде Кеңес жіберген есепте мектептің Халықаралық білім беру жүйесіне және алдыңғы қатардағы стандарттарына сай екендігі ескеріліп, ресми түрде Халықаралық мектептер кеңесінің мүшесі мәртебесі тағайындалды.
Мектеп басшылығы CIS аккредитациясын сәтті алуымен барлық мектеп қауымдастығын құттықтап, жасаған еңбектері үшін алғысын білдіріп, алда қойылған мақсаттарының орындалуын тіледі.