Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанадағы нөсер жауын қала көшелеріндегі көлік қозғалысын қиындатты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада нөсер жаңбырдан қала көшелерінде су жиналды. Жаңбыр 5 сағатқа жуық тоқтамастан жауды.

Астанадағы нөсер жауын қала көшелеріндегі көлік қозғалысын қиындатты  (ФОТО)

Нақтырақ айтқанда, Б.Момышұлы даңғылының Дарабоз көшесімен қиылысы, Оқушылар сарайы маңында, А.Байтұрсынов көшесі пен Тәуелсіздік көшесінде көпірге шығар жолды су басып, жол полициясы көлік қозғалысын реттеді.

Сонымен қатар, бұл күні қаладағы бірқатар көшедегі бағдаршамдар да істен шығып, полиция көлік қозғалысын бақылады.